Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Толқын Қылышев:
Спорт

Толқын Қылышев: "Қазақстан әрқашан басты қарсыласымыз"

29.11.2024
1 мин
0
129
Сурет: alash.kz

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Таиландта өтетін Азия чемпионаты туралы пікір білдіріп, қарсыластар мен командадағы үздіктерді атап өтті. 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтетін жарыста Өзбекстан құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Қылышев сары құрлықтағы негізгі қарсыластары жайлы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Азияда біз үшін басты қарсылас – Қазақстан. Одан кейін жергілікті команда Таиланд, сондай-ақ Үндістан мен алғаш рет қатысатын Украина да осал емес. Осы төрт команда негізгі бәсекелестеріміз. Сонымен қатар, Моңғолия, Қырғызстан және Тәжікстан да деңгейлерін көтеріп келеді. Бірақ негізгі қарсыластарымыз – қазақстандық боксшылар, – деді ол.

Сонымен қатар, Қылышев Өзбекстан құрамасындағы көшбасшы спортшыларды атады.

- Біздің көшбасшымыз – Миразиз Мырзахалилов. Ол әлем чемпионы, Азия ойындары мен Азия чемпионатында жеңіске жеткен тәжірибелі боксшы, Олимпиадаға қатысушы. Екінші орында – Турабек Хабибуллаев (80 кг). Ол Парижде ширек финалда Арлен Лопестен жеңілген. Үшінші – ауыр салмақтағы Джахонгир Зокиров. Қазір әлемде оған тең келер спортшы жоқ деп ойлаймын. Ал төртіншісі – 71 кг салмақтағы Хавасбек Асадуллаев, ол Қазақстан Президентінің кубогын екі рет жеңіп алған. Басқа салмақ дәрежелерінде де тәжірибелі спортшыларымыз бар, – деп қорытындылады Толқын Қылышев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл