Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ауруханаға коронавируспен 500-ден артық адам түскен жағдайда қалаға толық локдаун енгізу мәселесі қаралатынын айтты.
Қазіргі жағдай бойынша ПТР тест оң нәтиже көрсеткен науқастар саны тәулігіне 400-ден асып отыр. Ал орта есеп бойынша індетке шалдыққандар әр күні 300-400 адам шамасында анықталады, науқастар саны күннен күнге артып келеді.
«Бізде төсек-орын қоры әлі жеткілікті. Қазір төсек-орындардың 50%-і бос емес. Бізде әлі 4 мыңға жуық төсек-орын қоры бар, оларды қажет жағдайда жұмылдыра аламыз. Біздің міндетіміз – барлық деңгейде медициналық көмек көрсете алуымыз үшін денсаулық сақтау жүйесінің күйреуін болдырмау», – деді Алматының бас санитар дәрігері брифингте.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин 21-28 наурыз аралығында азық-түліктік емес базарлар және сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары катаң карантин талаптарына сәйкес жұмыс істемейтінін айтқан болатын.
Тағы көру