| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте жаңа шаһарды инвестиция мен инновацияның орталығына айналдыру міндетін атап өтті. Президенттің айтуынша, Alatau City толық цифрлық форматта дамитын алғашқы қала болмақ, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте шаһардың стратегиялық маңызына тоқталды. Президент жаңа қаланы заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерге негізделген өңірлік даму орталығына айналдыру қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, Алатау қаласын құруға қатысты негізгі қағидалар заңнамалық деңгейде бекітілген.
- Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді. «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заң қабылданды. Осы тұста бірнеше маңызды мәселені пысықтап алуымыз керек, - деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ қаланың цифрлық технологияларға негізделіп дамитынын жеткізді. Оның айтуынша, қала инфрақұрылымы, сервистері және экономикалық жүйесі біртұтас цифрлық экожүйе ретінде жұмыс істейді.
- Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады. Басты бағдар – осы,- деді Мемлекет басшысы.