Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Алматыдағы көлік зауытын тексерді
Жаңалықтар

Тоқаев Алматыдағы көлік зауытын тексерді

26.09.2020
1 мин
0
1344

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл автомобильдер шығаратын қазақстандық Hyundai Trans Kazakhstan зауытының іске қосылуға дайындығын тексерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент автомашиналарды құрастыру процесімен танысып, 2020 жылғы 15 қазанда ашылады деп жоспарланып отырған ұсақторапты құрастыру әдісімен автомобильдер шығаруға арналған жаңа цехты аралап көрді.

Мемлекет басшысына жобаның Алматы қаласының индустриялық аймағындағы мемлекеттік құрылымдардың қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндалды. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі - 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 700-ге жуық жұмыс орнын ашып, сабақтас салалардың дамуына серпін береді.

"Мен өз Жолдауымда еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән бердім. Әсіресе, бизнестің, кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік органдар тарапынан келтірілетін кез келген кедергі елімізге қарсы жасалған қылмыс ретінде қаралатынына арнайы тоқталдым. Яғни, басқаша айтқанда, Үкімет, жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс. Бұл - экономикалық саясатымыздағы негізгі бағыт", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикасындағы ахуал пандемия салдарынан әлі де күрделі екенін және бұл дағдарыстан мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана шығуға болатынын атап өтті. Бәсекелестікті қорғау үшін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды.

"Нарықты монополистерден тазалау керек. Барлық лайықты кәсіпкерлердің біздің нарыққа еніп, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беру қажет. Сонда ғана экономика еркін дами алады. Мұның бәрі жаңа ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететіні сөзсіз. Бұл шаралардың бәрі тиімді болады деп үміттенемін", - деді Мемлекет басшысы.

Президент экономикалық шаралармен қатар мемлекет тарапынан Қазақстан қоғамын одан әрі демократияландыру жөнінде де шаралар қабылданатынын айтты. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті қалыптастыруға көп еңбек сіңірді. Ендігі міндет Қазақстанның дамуына тың серпін беру болып табылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл