Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ел Президенті Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның ажал құшқанына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, Түркияда теракт болып, бірнеше адам көз жұмды, зардап шеккендер бар.