Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев: Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек
Жаңалықтар

Тоқаев: Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек

08.09.2025
1 мин
0
147
Сурет: dknews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары салаға тың серпін беру үшін реформалар жүргізіліп, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге бөлінгенін атап өтті. Қажетті несиелер уақытында берілді, алайда агроөнеркәсіптің әлеуетін толық ашу үшін тек қаражат жеткіліксіз. Ең бастысы – оны тиімді пайдалану.

- Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек, – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оған отандық және шетелдік инвесторлар қатысып, жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард доллардан асады. Жобалар үш мыңнан астам жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді, өнімдер әлемнің көптеген еліне экспортталады.

Мемлекет басшысы әр өңірде өнімді өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптастыру, үздік агрокәсіпорындардың тәжірибесін тарату және цифрландыру арқылы өндірістің тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл