| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Үкіметі Солтүстік Қазақстан облысында ірі ағаш өңдеу өндірісін іске қосу жобасын қолдап, тиісті инвестициялық келісімге рұқсат берді. Жоба өңірдің өнеркәсіптік дамуына серпін бермек, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Үкіметі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында инвестициялар туралы келісім жасасуды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.
Құны 70 млрд теңгені құрайтын жоба 2026–2028 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Жаңа өндіріс орны іске қосылған кезде кемінде 160 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар бұл бастама елдегі ағаш өңдеу саласын дамытуға, дайын өнім көлемін арттыруға және Солтүстік Қазақстан облысының өндірістік әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.
Кәсіпорын жылына шамамен 600 мың текше метр ағаш-жаңқалы плиталар (ДСП) және 20 млн шаршы метр ламинацияланған плиталар (ЛДСП) өндіруге қауқарлы болады.
Келісім шарттарына сәйкес, жобаны жүзеге асыру барысында қазақстандық тауарлар, шикізат және қызметтер кеңінен қолданылуы тиіс. Сондай-ақ инвестор өндірілген өнімнің кемінде жартысын ішкі нарыққа бағыттауға міндет алады.