467.63
547.69
6.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев пен Ердоған Астанада кездесті: бауырластық байланыс нығая түсті
Жаңалықтар

Тоқаев пен Ердоған Астанада кездесті: бауырластық байланыс нығая түсті

14.05.2026
мин
0
85
Сурет: Ақорда

Астанада Қазақстан мен Түркия президенттері шағын құрамда кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестік бағытындағы маңызды кездесу өтті.

Келіссөз барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды.

Қазақстан Президенті Түркия басшысына ілтипат көрсетті.

– Жоғары мәртебелі Президент мырза, қадірлі бауырым, Өзіңізбен Қазақстанның елордасында жүздескеніме өте қуаныштымын. Ең алдымен, менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сапарыңыздың мән-мағынасы ерекше, өте жоғары деп айтсақ артық болмайды. Себебі бұл, шын мәнінде, тарихи оқиға. Бұл сапар елдеріміздің ынтымақтастығына үлкен серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Екі ел арасында тек қана достық, бауырластық, мәңгілік серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан. Арамызда ешқандай түйткіл немесе шешілмеген мәселе жоқ. Қош келдіңіз! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда, Мемлекет басшысы былтыр Анкараға жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алды.

– Біз Анкарада Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бесінші отырысын өткіздік. Өте маңызды шешімдерге қол жеткіздік. Бүгін Кеңестің алтыншы отырысы болады. Ауқымды бизнес форум өтеді. Өзіңізбен бірге Астанаға үлкен делегация келді. Сондықтан сапарыңыз ойдағыдай өтеді деп ойлаймыз. Осылайша, өзара ынтымақтастығымыздың жарқын болашағына зор қадам жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Режеп Тайип Ердоған бауырлас қазақ елінің көрсеткен құрметіне алғыс айтты.

 

– Ең әуелі, бауырымыздың атажұртқа арнайы шақырғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Бізге айрықша қонақжайлық танытып отырсыздар. Қазақ елінің шекарасынан өткеннен қапталдаса ұшқан ұшақтармен қарсы алып, менің делегацияма үлкен құрмет көрсеттіңіздер. Бұл бізді ерекше қуантты. Әрине, мұны ұмытпаймыз. Бүгінгі сапар бауырлас халықтардың ынтымағын арттыруға зор септігін тигізеді деп сенемін, – деді Түркия Президенті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл