Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

10.08.2025
1 мин
0
80
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленский Украина тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнауына мүдделі екенін жеткізді.

Президент Астананың бастапқыдан-ақ әділдік негізінде бейбітшілік формуласын бірлесе іздеуді қолдап келе жатқанын, сондай-ақ БҰҰ Жарғысы мен мемлекеттердің егемендігі және аумақтық тұтастығына қолсұқпаушылық қағидатын сақтау туралы жүйелі түрде пікір білдіріп отырғанын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты шешу маңызды. Ол тараптарды "Жанжалдан, жаман болса да бітім артық" деген даналыққа сай әрекет етуге шақырды.

Мемлекет басшысы территориялық мәселелердің халықаралық қатынастардағы ең қиын түйткілдердің бірі екенін атап өтті. Көбіне бұл фактор бейбітшілік келісіміне келу жолында басты кедергіге айналады. Дегенмен қазіргі ең өзекті міндет – халықаралық кепілдіктер арқылы Украина қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттілігін сақтау.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинамен өзара тиімді әріптестікті түрлі салада дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл