Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев
Жаңалықтар

Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасын қабылдады

31.07.2025
мин
0
245

Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді.

Талғат Алдыбергенов биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты. ????Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады: ????биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады; ????Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда; ????Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.

Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.

 Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді: ????Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған; ????Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл