Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Жаңалықтар

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

08.10.2024
1 мин
0
280
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады. Отырыста Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко сөз сөйледі. Жиында ТМД Бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематовқа "Достық" ордені, ал ТАСС ақпараттық агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашовқа ТМД грамотасы табысталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл