Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дональд Трамп Пенсильвания штатының Батлер қаласында жасалған қастандық кезінде өзін қорғаған агент Шон Карренді Құпия қызмет директоры етіп таңдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дональд Трамп Truth Social платформасында Карреннің бірнеше жыл бойы отбасын қорғаған ұлы патриот екенін, сондықтан оған Америка Құрама Штаттарының құпия қызметінің ержүрек ерлері мен әйелдерін басқаруды тапсыратынын хабарлады.
Президентттің сөзінше, Карранның құқық қорғау саласында 23 жылдық тәжірибесі бар.
- Ол мені Батлердегі (Пенсильвания штаты) қарақшының оғынан құтқару үшін өз өмірін қатерге тігіп, батылдығын көрсетті. Мен Шонның Құрама Штаттардың Құпия қызметін бұрынғыдан да күшті ететініне сенемін, - деп жазды Дональд Трамп.
Еске салайық, Трампқа 14 шілдеде қастандық жасалды. Ол Пенсильванияда сөз сөйлеген кезде ер адам оқ жаудырған. Дональд Трамптың құлағына оқ тиді. Митингіге қатысқан бір адам қаза тапты. Оқ атқан 20 жастағы америкалық Томас Мэттью Круксты Құпия қызмет офицерлері өлтірді.