Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғын үй қоры астаналықтарды жалған құжат таратып жүрген алаяқтардан сақ болуға шақырды
Жаңалықтар

Тұрғын үй қоры астаналықтарды жалған құжат таратып жүрген алаяқтардан сақ болуға шақырды

06.06.2020
1 мин
0
2021

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қоры астаналықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі қордың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

"Құрметті азаматтар! Осындай сипаттағы құжаттар бүкіл ел бойынша тарап жатыр. Бұл құжат жалған және тұрғын үй алуға негіз бола алмайды. Сақ және абай болуларыңызды сұраймыз. Тұрғын үй қоры тұрғын үй алу туралы осындай хабарламаны ешқашан таратқан жоқ және таратпайды да, сондай-ақ, мерзімі өткен несиелерге байланысты біз тұрғын үй кезегі есебінен шығармаймыз", - делінген хабарламада.

Қор өкілі жалдамалы тұрғын үй кезегіңіз келсе, тек құжаттарды жаңарту және өз санатын растау қажет екенін айтты. Бұл ретте бастапқы жарна немесе құжаттарды рәсімдеу үшін төлем талап етілмейді.

"Сізге мұндай хабарлама жіберілсе және ақша талап етсе, дереу 102 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға тізімде белгіленген кезек тәртібімен немесе тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде беріледі", - делінген қор хабарламасында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл