Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғын үй қоры хабарлама жасады
Жаңалықтар

Тұрғын үй қоры хабарлама жасады

13.09.2021
1 мин
6
4735

Елімізде өзін тұрғын үй қоры қызметкері ретінде таныстырып, телефон арқылы «Жас отбасы», «Нұрлы жер» және т. б. бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй беретінін айтатын алаяқтар (коллекторлық қызметтер) жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры».

«Олар қазір сіздің телефон нөміріңізге дерекқорға мәліметтерді енгізу үшін жазу керек SMS-код жіберілетіндігін айтады. Сіздің телефоныңызға коды бар «1414» нөмірінен SMS-хабарлама келеді. Азамат осы кодты айтқаннан кейін алаяқтар egov.kz жеке кабинетіне кіре алады», делінген хабарламада.

Алаяқтар egov.kz порталына кіру үшін «Бір реттік пароль арқылы кіру» қызметін қолданады. Сол уақытта сізбен сөйлесе отыра, телефон нөміріңізді енгізіп, «Кіру» түймесін басқаннан кейін телефонға жеке кабинетке кіру үшін SMS-код келеді. Сізден egov.kz порталдағы жеке кабинетке кіру үшін кодты сұрайды.

SMS-код «1414» ресми дереккөзінен келгендіктен, көптеген адамдар сөйлесу кезінде қоңырауға сенім білдіреді.

Тұрғын үй қоры азамттарды сақ болуға шақырады. Ешбір жағдайда SMS-кодты үшінші тұлғаларға хабарлауға және телефон арқылы жеке деректерді ұсынуға болмайтынын ескертеді. Аталмыш жағдайда полиция департаментіне барып, алаяқтық туралы хабарлауға болады.  Сондай-ақ, тұрғын үй қорынан жылжымайтын мүлік мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен немесе тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінім берген жағдайда ғана беріледі.

Желілік маркетинг дегенде сіздің ойыңызға не келеді?
726 адам
Халықты алдау 0%
Опық жеу 0%
Босқа уақыт өткізу 0%
Жеңіл ақша табу 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
6 Пікір
А
Акнур 17.09.2021
Соған неге жол беріледі, итак так та халықтың қиналып жатқанын көріп отыр ғой.
Жауап беру
К
Кулафия 14.09.2021
Казир женил жолмен акша табушылар оте коп
Жауап беру
С
Сағыныш 14.09.2021
Женил жолмен акша тапкысы келеди
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл