Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғындар дабыл қағуда: СҚО-ның Чапаева ауылын су басты
Жаңалықтар

Тұрғындар дабыл қағуда: СҚО-ның Чапаева ауылын су басты

29.03.2023
1 мин
0
468

Солтүстік Қазақстан облысының Чапаево ауылын күн жылынғалы қар еріп, елді мекенді қызыл су басқан. Қар ерінділері үйлерге кіргесін, ауыл тұрғындары бірнеше күннен бері дабыл қағуда. Тіпті жүретін жол жоқ, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қорадағы малымыз өліп жатыр. Менің 4 бірдей қозым өлді. Сиыр құлап жатыр. Көмек көрсетіп, жанайқайымызға құлақ асып жатқан ешкім жоқ», -дейді Чапаево ауылының тұрғыны Гүлбахрам Манжанова.

Қызылжар ауданы Чапаево ауылының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Қорадағы малымен күн көріп отырған тұрғындар үшін бұл ауыр соққы болды. Тұрғындар бала-шағамызды қалай асыраймыз деп уайымдауда. Бүгінгі күні ауылда 15 үй түтін түтетіп отыр. Олардың барлығы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар.

«Қардың суы ағып келіп жатыр.  Жолдарды су басып, үйлерімізге дейін жетті. Бұған дейін ауыл ішінде жаңа жол төсеуге смета жасауы тиіс еді. Алайда ол жұмыс та атқарылмай қалды", - дейді Чапаево ауылының тұрғыны Гүлбахрам Манжанова.

Жергілікті билік өкілдері мәселені енді ғана қолға алған. Тек бүгін елді мекен көшелеріндегі суды соруға екі мотопомпа бөлініп, қардан тазалайтын техникалар жұмысқа кірісті. Арнайы арықтар да қазылып жатыр. Чапаево ауылы тұрғындарының сөзінше, қыс мезгілінде мұнда бірде бір рет қар шығарылмаған.

Ауыл балаларының мектепке қатынауы қиындаған. Қиналған халық әкімдік берген уәдесін орындап, жақын уақытта жағдай реттеледі деп сенім білдіреді.

фото: stan.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл