| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында суға батып кеткен баланы іздеу жұмыстары бір аптадан бері тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құтқарушылар Келес өзенінде жоғалған баланы табу үшін ауқымды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Мамандар өзеннің ондаған шақырым аумағын және жағалау бөліктерін кезең-кезеңімен тексеріп жатыр.
Қазіргі таңда өзеннің едәуір бөлігі қаралып, су беті мен су асты мұқият зерттелуде. Сонымен қатар, іздеу аумағы Сырдария бағытына дейін кеңейтілген.
Іздестіру шараларына арнайы техника, дрондар, эхолот құрылғылары және жүзу құралдары жұмылдырылған. Іздеуді жеңілдету үшін өзендегі су деңгейі де реттеліп жатыр.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 2018 жылы туған бала 23 наурыз күні Келес өзеніне құлап, батып кеткен. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасуда.