Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеге жетті
Жаңалықтар

Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеге жетті

28.11.2024
мин
0
206
Сурет: ОКҚ

Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында өңір әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Биылғы 10 айда Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Экономиканың басты көрсеткіші болып саналатын жалпы өңірлік өнім көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн теңгеге жетті. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 110%-ды құрады. 

- Аймақта өнеркәсіп өнім көлемі 8,8%-ға артып, 960 млрд теңгеден асты. Оның ішінде қайта өңдеуге барынша басымдық берілуде. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 463 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 113%-ды құрады. Өсім негізінен тау-кен, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және жиһаз өндірістері есебінен орын алды, - деді спикер.

Индустриалды аймақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Үкіметке электр энергиясының бағасын төмендету бойынша ұсыныс енгізіліп, қолдау тапты. Сонымен бірге энергетика тапшылығын шешу мақсатында 1,9 трлн теңгеге жалпы қуаты 2,7 ГВт болатын 7 ірі жоба жүзеге асырылуда. Сайрамда қуаты 1000 МВт болатын станцияның құрылысы басталды. Сондай-ақ қосымша 300 МВт күн электр станциясының жобасы әзірленуде. Түлкібаста – 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина, Бәйдібекте 350 МВт жел электр станциялары салынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
151
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл