Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында жаңа су қоймасын салып жатыр
Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа су қоймасын салып жатыр

29.07.2024
мин
0
1606
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Түркістан облысында 68 млн текше метр су жинайтын «Бәйдібек ата» су қоймасы салынып жатыр. Жаңа гидротехникалық нысан Балабөген және Үлкенбөген өзендерінің қиылысқан тұсында, 680 гектар жерде бой көтереді. Бөгеттің ұзындығы – 1,75 шақырым, биіктігі – 26 метр. Су қоймасы көктемгі тасқын суын жинап, суару маусымында «Бөген» су қоймасына қосымша су жіберетін болады. 

«Министрліктің Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Екі нысан «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша біз Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Су қоймасына жиналған суды «Бөгенге» жеткізу үшін «Сарқырама» каналы салынып жатыр. Жалпы ұзындығы 21,7 шақырым болатын канал секундына 12 текше метр су өткізе алады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 48%-ға аяқталып, 10 шақырымнан астам бөлігі толық бетондалды.

««Бәйдібек ата» су қоймасының негізгі су көзі – Бөген өзені. Гидрологиялық есептеулерге сәйкес, өзеннің орташа жылдық ағыны – 165 млн текше метрге дейін жетеді. Яғни, осы суды жинап алып, халықтың қажеттілігіне жарату өте маңызды»,- деді су шаруашылығы саласының ардагері Ілияс Әлібеков.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
151
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл