Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұсталған күдікті жасаған әрекетін мойындады.
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Полицияның хабарлауынша, тергеу мүддесіне орай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.