Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркия бірнеше мемлекетпен, соның ішінде Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
Аталмыш бағыттағы соңғы рейстер 5-6 тамызда орындалды. Рейстерді тоқтату туралы шешім Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе компаниялардың барлығына қатысты.
"Түркия бауырлас Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды", - делінген хабарламада. Елшілік өкілдері осы уақытқа дейін Түркиядан Қазақстанға екі рет медициналық көмек жеткізілгенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков 10 тамыздан бастап Түркияға туристік рейстер қайта ұша бастайтындығын мәлімдеген еді.