Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы орталығындағы өрттен бірәулеттің 9 мүшесі қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олардың қатарында Turkish Airlines әуе компаниясының сату бөлімінде қызмет атқарған Зехра Гюльтекин, оның күйеуі, төрт баласы және басқа да туыстары болған.
Жерлеу рәсіміне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысып, көз жасына ерік берді.
– Біздің жанымыз да, жүрегіміз де жанып жатыр. Қайтыс болғандардың туыстары мен халқымызға сабыр тілеймін – деді Президент.
Марқұмдардың туысы Өзгүр Түркменнің айтуынша, отқа оранған қонақүйде қалған ағайынды бауырлар мен әпке-қарындастар көмек сұрап хабарласқан.
– Бізді құтқарыңдар! Ата-анамызға жете алмай жатырмыз. Мұнда өрт сөндірушілер жоқ, – деп жантүршігерлік хабарлама жазған.
Айта кетейік, 21 қаңтарға қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғы курортында алапат өрт шығып, біраз адам қаза тапқан.