| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік қолдау көлемі едәуір ұлғаяды. Үкіметтің жоспарына сәйкес, халыққа бағытталатын әлеуметтік төлемдерге 6,8 триллион теңге жұмсалады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары отбасы құндылықтарын арттыруға, көпбалалы отбасыларға нақты көмек көрсетуге бағытталған.
2010 жылы көпбалалы отбасылар үлесі 12% болса, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 32%-ға жетті. Яғни, әлеуметтік саясат пен дұрыс үйлестірілген жәрдемақылар нақты нәтиже беруде.
Әлеуметтік қолдау қаражатын кім алады және қанша алады?
Бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы:
Бірінші балаға 2025 жылы 22,6 мың теңге төленсе, 2026 жылы 24,9 мың теңге болады.
Екінші балаға 2025 жылы 26,8 мың теңге, 2026 жылы 29,5 мың теңге.
Үшінші балаға 2025 жылы 30,9 мың теңге, 2026 жылы 33,9 мың теңге.
Төртінші және одан кейінгі балаға 2025 жылы 35 мың теңге, 2026 жылы 38,5 мың теңге төленеді.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы:
4 баласы бар отбасыларға 2025 жылы 63 мың теңге болса, 2026 жылы 69 мың теңге төленеді.
5 баласы бар отбасыларға 2025 жылы 79 мың теңге, 2026 жылы 86,7 мың теңге.
6 баласы бар отбасыларға 2025 жылы 94,5 мың теңге, 2026 жылы 104 мың теңге.
7 баласы бар отбасыларға 2025 жылы 110 мың теңге, 2026 жылы 121 мың теңге.
8 және одан да көп балалары бар отбасыларға әр балаға 2025 жылы 15,7 мың теңге, 2026 жылы 17,3 мың теңге төленеді.