Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкімет 2026 жылға арналған заң жобаларының жоспарын жариялады
Жаңалықтар

Үкімет 2026 жылға арналған заң жобаларының жоспарын жариялады

30.12.2025
мин
0
383

Үкімет 2026 жылы әзірленетін заң жобаларының алдын ала жоспарын бекітті. Бұл жөнінде Үкіметтің бүгінгі отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, заң жобалау жоспары мемлекеттік органдардан түскен ұсыныстар негізінде қалыптастырылып, 31 қазанда Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолдау тапқан. Құжатта барлығы 12 заң жобасын дайындау көзделген.

— Жоспарға енгізілген заң жобаларының үшеуі Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын орындау аясында әзірленеді, — деді министр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес дайындалатын заң жобаларының қатарында:

  • мемлекеттік мүлікке қатысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар;

  • онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттеуге арналған түзетулер, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе өзгерістер бар.

Сонымен қатар, жоспарға Парламент қарауына «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы», «Тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы», «Жұмылдыру туралы» заң жобалары және олармен байланысты қосымша құжаттар енгізу қарастырылған.

Бұдан бөлек, 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы дәстүрлі заң жобасы, еңбек заңнамасын жетілдіру, міндетті әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты жеке заң жобалары да әзірленеді.

— Жалпы алғанда, Парламентке жылдың алғашқы жартысында 5, ал екінші жартысында 7 заң жобасын енгізу жоспарланып отыр, — деп қорытындылады Ерлан Сәрсембаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл