| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін арттыру бастамасы қаралып жатыр. Бұл шешім ел экономикасының жағдайы мен бюджет мүмкіндіктеріне байланысты қабылданбақ, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкімет деңгейінде ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту мәселесі талқылануда. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, бұл бағыттағы шешімдер бір ғана көрсеткішке емес, бірнеше экономикалық факторға сүйеніп қабылданады.
Қазір жалақыны кезең-кезеңімен өсірудің түрлі нұсқалары қарастырылып жатыр. Дегенмен нақты мерзімі мен іске асыру тетіктері әлі нақтыланбаған.
- Жалпы әлемде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50%-ын құрайды. Бізде медианалық жалақы – шамамен 302 мың теңге. Сондықтан ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу – біздің жақын уақыттағы мақсатымыз. Бірақ бұл қалай жүзеге асады – ол қазіргі есептеп жатқан бюджетке байланысты,– деді Әмрин.
Бұл бастаманың жүзеге асуы мемлекеттік кірістердің деңгейіне тікелей тәуелді. Егер бюджетке түсетін қаражат көлемі тұрақты өссе, онда ең төменгі жалақыны көтеруге мүмкіндік пайда болады.
- Барлығы бюджет мүмкіндігіне байланысты. Биылғы жыл қалай аяқталатынын, түсімдердің динамикасын көреміз. Егер осы қарқын сақталса, онда қаржылық мүмкіндік пайда болып, бұл шешімді жүзеге асыруға болады,– деді ол.