| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет үш жылдық экономикалық бағдарлама әзірледі, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
БҚО Премьер-министрі Олжас Бектеновтің айтуынша, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігі бірлесіп, Президент Жолдауында берілген 2026–2028 жылдарға арналған тапсырмаларды орындауға бағытталған бағдарлама әзірледі.
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бағдарлама халық табысын қолдауға, экономиканы цифрландыруға, шикізаттық емес экспортты дамытуға, сондай-ақ инвестициялық және тарифтік саясатты жетілдіруге бағытталған.
Сондай-ақ ақша-несие саясаты, қаржы секторын дамыту және бағаны тұрақтандыру шаралары да қамтылған.