Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкімет заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің кешенді жоспарын қабылдады
Жаңалықтар

Үкімет заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің кешенді жоспарын қабылдады

01.06.2024
1 мин
0
355
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір бастамасы іске асырылды. Үкімет заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz порталы.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында лудоманиямен күресу үшін жүйелі жұмыс істеп, кешенді жоспар  құруды, сондай-ақ тиісті заңды тезірек қабылдауды тапсырған еді.

«Естеріңізде болса, Мәжіліс бұған дейін осыған қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарастырған болатын. Қабылданған кешенді жоспардың іс-шаралары заң жобасының негізгі ережелерімен толық үндеседі.

Кешенді жоспардың жобасын сарапшылар, сондай-ақ Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері кеңінен талқылады. Жоспар 4 бөлімнен және 28 тармақтан тұрады. Оның сапалы орындалуына 15 орталық және 20 жергілікті  мемлекеттік орган жауапты болады.

Лудоманияға қарсы күресте  мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бүкіл қоғамның жұмылуы, дәйекті әрі жүйелі жұмыс жасауы аса маңызды», – дейді Ерлан Қарин.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл