| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз су мен инженерлік қызметтерге қол жеткізеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жезқазған қаласының су инфрақұрылымы 1966 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді, ал жабдықтардың тозуы 90%-ға жеткен.
Қазіргі кезде қалада ұзындығы 4 шақырым инженерлік желілер – кәріз, жылумен жабдықтау және жарықтандыру жүйелері жаңартылды. Сондай-ақ трансформаторлық қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары орнатылды.
Сүзілген және ауыз суға арналған төрт резервуар қайта жаңартылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ сорғы жабдықтары жаңартылды.
Бөлінген қаражат нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2026 жылы толық жоспарлы режимде пайдалануға мүмкіндік береді.