Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкіметте ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Үкіметте ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу мәселелері талқыланды

21.04.2022
1 мин
0
690

Кеңеске уәкілетті мемлекеттік органдар мен Ұлттық банк өкілдері қатысты.  Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Мөлшерлемелерді есепке алу орталығын құру, онлайн-казиноларға қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдау, ойынға арналған сайттарды бұғаттау, лотерея бизнесін реттеу мәселелері бойынша тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. 

Вице-премьер онлайн-казино сайттарының қолжетімділігі мен кеңінен таралуы халықтың құмар ойындарға тартылуының негізгі себептері екенін атап өтті. Мемлекеттік органдарда мұндай сайттардың саны, құмар ойындарға тәуелді адамдар және азаматтардың онлайн казиноға жұмсаған қаражатының көлемі туралы деректер жоқ. 

Тоғжанов Мөлшерлемелерді есепке алу орталығының Мәдениет және спорт министрлігі базасында құрылуы тиіс екенін айтты. Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Атап айтқанда: 

- заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және азаматтардың құмар ойындарға тартылу деңгейін төмендету бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу; 

- құмар ойындардың зияны туралы әлеуметтік роликтер жасау және насихаттау; 

- қоғам өкілдерін тарта отырып, заңсыз ойын орындарын анықтау бойынша рейдтер жүргізу; 

- интернет-казиноны ұйымдастырушы тұлғалардың тізімін белгілеу; 

- банктер мен төлем жүйелеріне осы тұлғалардың қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салу;   

- несие карталарының көмегімен казиноларда, ойын автоматтары залдарында, букмекерлік кеңселерде және тотализаторларда төлемдерді жүзеге асыруға немесе шоттарды толықтыруға тыйым салу;                                                                                                                                             

- интернет-казиноны ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік белгілеу;                                                   

- құмар ойындарға тәуелді азаматтарды, олардың ішінде балаларды анықтау және оңалту жүйесін әзірлеу.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл