| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкіметтің мемлекеттік сатып алу жүйесіне енгізгісі келетін жаңа түзетулері шағын кәсіпкерлерге ауыр тиіп, олардың нарыққа қатысу мүмкіндігін шектеуі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов Үкімет пен Бәсекелестікті қорғау агенттігіне жолдаған сауалында Қаржы министрлігінің дайындаған түзетулер шағын бизнестің мемлекеттік сатып алу нарығына кіруін қиындатады деп атап өтті.
Оның айтуынша, жаңа ережелер бойынша бизнес:
ҚҚС төлеуші болуға міндеттеледі
Демпингке шектеу қойылады
Қаржылық тұрақтылық талаптары күшейтіледі
Депутат бұның Салық кодексіне қайшы екенін, себебі жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлер ҚҚС төлеуші емес екенін айтты.
Қошмамбетов келтірген деректер бойынша:
Елде 1,2 млн кәсіпкер жеңілдетілген режимде жұмыс істейді
Оның шамамен 300 мыңы мемлекеттік сатып алуларға қатысады
Нарық көлемі – 30 трлн теңге
Егер жаңа норма қабылданса:
Бәсекелестік шектеледі
Қатысушылар саны азаяды бағалар өседі
Нарық ірі компанияларға кетеді
Бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалуы мүмкін
Депутаттың сөзінше, мемлекет бір жағынан шағын бизнесті қолдауды мақсаттаса, екінші жағынан оларды мемлекеттік сатып алудан шеттету қаупі бар.