Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы аптада қызған келіссөздер өз нәтижесін берді. Бұл туралы АҚШ әкімшілігі мәлімдеді. Украина Президенті Зеленский келісімді қолдап, Кремль бұл ақпаратты ресми түрде растады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сауд Арабиясында өткен бейбіт келіссөздер екі күнге созылды. Алдымен америкалық делегация Ресеймен кездесті, ал жиын 12 сағатқа созылды. Келесі күні екі тарап мәселені шешу үшін келіссөз жүргізді.
Екі мемлекет энергетикалық нысандарға жасалатын шабуылдарды тоқтатуды келісіп, бұл тізімге мұнай өңдеу зауыттары, шикізат тасымалдаушы құбырлар, су, электр және атом станциялары кірді.
Уақытша мораторий 18 наурыздан бастап күшіне енді және 30 күнге созылады. Осы уақыт ішінде теңіздегі шабуылдар да тоқтатылуы тиіс.
Ресей билігі Қара теңіз арқылы тасымалдарды қалпына келтіріп, агроөнімдер мен тыңайтқыштардың еркін экспортталуын талап етті. Бұл міндет АҚШ-қа жүктелді. Ақ үй Ресейге салынған санкцияларды жақын арада жеңілдетуі қажет.