Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық банк төрағасы еліміздегі инфляция деңгейіне баға берді
Жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы еліміздегі инфляция деңгейіне баға берді

14.09.2021
1 мин
0
1258

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев еліміздегі инфляция бағамына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тұтыну нарығындағы теңгерімсіздік аясында әлемдегі инфляцияның өсуі жалғасып отыр. Әлемдегі жоғары іскерлік белсенділік аясында тауарларға сұраныстың артуы бағаның өсіміне әсер ететін ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсуде. Нәтижесінде инфляциялық процестер тұтыну нарығында сақталып отырған теңгерімсіздіктер аясында дамыған елдерде, сол сияқты дамушы елдерде де бұрынғысынша жеделдей түсті", – дейді Досаев

Бұған қоса ол, инфляцияға әсер етіп отырған жағдайды атады.

"Биылғы тамызда 2 ай баяулағаннан кейін әлемдегі азық-түлік бағасы қайта өсуін жалғастырды. ҒАО тізбесіндегі азық-түлік бағаларының индексі жылдық көрсеткіште 32,9%-ға ұлғайып, 127,4-ке жетті. Бұл қант, өсімдік майлары мен дәнді дақылдар бағасының айтарлықтай көтерілуіне байланысты орын алды", – деп қосты Ұлттық банк төрағасы. 

Сөзінше, елімізде қант бағасының өсуіне сыртқы жағдайлар ықпалын тигізген. 

“Бидай өндірісінің нашарлауына байланысты дәнді дақылдардың әлемдік баға индексі 129,8-ге дейін, өсімдік майларының әлемдік баға индексі 165,7-ге дейін өсті. Салдарынан қанттың әлемдік баға индексі Бразилиядағы құрғақшылық салдарынан 2017 жылғы ақпаннан бастап ең жоғарғы баға – 120,1-ге дейін өсті. Азық-түлік нарығында сақталып отырған теңгерімсіздік әлемдегі, тиісінше Қазақстандағы инфляция динамикасына теріс әсер етуді жалғастырады", – деді ол.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15444 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл