| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ұлттық банкі «Жаратылыс сырлары» сериясын жалғастырып, MYSYRLYQ TANYM деп аталатын жаңа коллекциялық монеталарын таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы реттеушісінің мәліметінше, монеталар 2025 жылдың 3 желтоқсанынан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылымға шығады.
Жаңа өнімнің ерекшелігі — оның күрделі композициясында. Танталдан жасалған орталық бөлігінде ежелгі Мысыр мифологиясындағы құдайлар бейнеленсе, күміс бөлігінде технологиялық даму элементтері және олардың бір-бірімен байланысы көрсетілген.
Ұлттық банк бұл дизайн арқылы өркениет тарихы мен қазіргі заман прогресінің үндестігін жеткізуді мақсат еткенін айтады.