Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық тасымалдаушы енгізген "Пойыз+Пойыз" қызметін жолаушылар белсенді пайдалана бастады. Қызмет іске қосылған уақыттан бері 20 мыңнан астам билет рәсімделген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа жүйе ресми bilet.railways.kz сайтында қолжетімді. Ол тікелей рейстерге орын болмаған жағдайда немесе қатынас мүлдем жоқ бағыттарда ыңғайлы маршруттарды автоматты түрде таңдап береді. Жолаушы сайтқа кіріп, жөнелту мен келу станциясын көрсетсе жеткілікті – жүйе бірден қолайлы нұсқаларды ұсынып, онлайн билет сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ресурс арқылы автобус билеттерін де қатар рәсімдеуге болады.
"Пойыз+Пойыз" – жолаушылар тасымалында кезең-кезеңімен енгізіліп жатқан хабтық жүйенің бір бөлігі. Оның алғашқы нәтижесі Астана – Бурабай бағыты бойынша байқалуда. Бұл бағыттағы "Burabay express" электрпойызының кестесі курорт пен қонақүйлердің жұмыс уақытымен сәйкестендіріліп, жолаушыларға демалысын алдын ала жоспарлауға қолайлы жағдай жасады.
Алдағы жылдары хабтық жүйе еліміздің барлық өңірлеріне кеңейтілмек. 2026 жылдан бастап қала маңы және алыс бағыттағы пойыздарды интеграциялау жоспарланып отыр. Кестелерді үйлестіру мен аялдамаларды оңтайландыру арқылы жолаушылардың пойыздар арасында ауысуы жеңілдеп, сапар уақыты қысқарады.
Жобаны жүзеге асыруға халықаралық DB Engineering & Consulting мамандары тартылған. Бұл қадам Қазақстанның көлік жүйесіне әлемдік үздік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.