Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлытау облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымы қарқынды дамуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 880 млн теңге заңсыз иемденілген активтер есебінен "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында игерілуде. Бұл қаражат Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 7 нысанның құрылысына бағытталды.
Жобалар шеңберінде Ақтүбек пен Кеңгір ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар бой көтерді. Сонымен қатар Бетбұлақ, Пионер, Қорғасын, Айнабұлақ және Егінді елді мекендерінде медициналық пункттер салынуда.
Нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделген. Жаңа құрылымдар ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға серпін бермек.