Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҰҚК төрағасының қос орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.