| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Құқық қорғау органдары ірі көлемде табыс тапқан күдіктілерді әшкереледі. Қылмыстық іс сотқа жолданды, — деп хабарлайды Dauletten.kz
Шымкент қаласында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Тергеу мәліметінше, күдіктілер мобильді қосымша арқылы жұмыс істейтін «покер» клубтарын құрып, оларды тәулік бойы жүргізіп отырған.
Аталған заңсыз ойындарға шетелдік пайдаланушылар да тартылған. Соның нәтижесінде қаржы айналымы 557 миллион теңгеден асып, негізгі табыс ойыншылардан алынатын комиссия есебінен түскені анықталған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екі күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ қолданылған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сонымен қатар, тінту жұмыстары барысында күдіктілерден есірткі заттары табылғаны хабарланды.