| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжілісте ит ұстауға салық енгізу мүмкіндігі ұсынылды. Бастама әзірге тек талқылау деңгейінде, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутат Магеррам Магеррамов үй жануарларын, әсіресе иттерді ұстауға салық енгізуді қарастыруды ұсынды. Ол бұл қадам ит иелерінің жауапкершілігін арттырып, жергілікті бюджетке қосымша түсім әкелуі мүмкін деп есептейді.
Депутат Наталья Дементьева шетел тәжірибесін мысалға келтіріп, кей елдерде үй жануарларын тіркемеген немесе чиптемегені үшін айыппұл қарастырылғанын айтты.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бұл бастаманы жұмыс тобы аясында қарастыруға дайын екенін жеткізді. Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов қазіргі таңда үй жануарларын есепке алу жүйесі барын, салық енгізу мәселесі бұрын қаралмағанымен талқылауға дайын екенін атап өтті.
Әзірге бұл бастама тек ұсыныс деңгейінде қалып отыр, нақты шешім қабылданған жоқ.