Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Вакцина бизнесті құтқарады: Елордалық кәсіпкер әйелдер халықты жаппай вакцина қабылдауға шақырды
Жаңалықтар

Вакцина бизнесті құтқарады: Елордалық кәсіпкер әйелдер халықты жаппай вакцина қабылдауға шақырды

27.05.2021
1 мин
0
880

Елордада BusinessWomenKZ қоғамдық бірлестігінің мүшелері халықты коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуге шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кәсіпкер әйелдердің пікірінше, вакцинаның арқасында карантиндік шаралар жеңілдетіліп, бизнес толықтай жұмыс істей алады.

«BusinessWomenKZ – әйелдер бизнесін қолдайтын және дамытатын республикалық ұйым. Біз бүкіл халықты вакцинацияға шақырамыз. Вакцинаны өзіміз де алдық. Өршіп тұрған эпидемия халық үшін қауіпті. Біз де карантиннен шаршадық. Егер халықтың басым көпшілігі вакцина қабылдап, денсаулығына қараса, бұрынғы өмірімізге қайта оралар едік», – деді BusinessWomenKZ ҚБ басқарма төрағасы Сәуле Қайсар.

Bilim al оқу орталығының басшысы Райгүл Серікбаева өз сөзінде карантинге байланысты бизнес үлкен шығынға ұшырағанын атап өтті.

«Мен көпбалалы анамын. Біз ешкімнен ешнәрсе сұрамаймыз. Тек мемлекет пен демеушілер ғана бізді қолдап отыр. Қазіргі уақытта бизнесіміз нығайып, елордада екі филиалын аштық. Енді одан әрі дамыту үшін COVID-19 індетімен күресуіміз керек. Менің ойымша, одан құтылудың тиімді әдісі – вакцинация. Мен өзім «Спутник V» вакцинасын алдым. Енді екінші компонентін күтемін. Біз үшін басты проблеманың бірі – карантин. Ата-аналар балаларын инфекция жұқтыруы мүмкін деп қорқып, оқу орталығына жібермейді. Сондықтан бұл қиындықтарды жеңу үшін жаппай вакцинациялау керек», – дейді ол.

Алтынай Рысқұлованың отбасылық бизнесі қолдан жасалған шоколад өнімдерімен айналысады. Кәсіпкердің айтуынша карантин оның табысына да кері әсер етіпті.

«Біздің отбасылық кәсібіміз бар, қолдан жасалған шоколад өндірумен айналысамыз. Бизнестің құлдырамай, ары қарай дамуы үшін, әрі біздің де кәсібіміз өрге жүруі үшін вакцина қабылдауға шақырамын», - деп атап өтті ол.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл