Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Яна Легкодимованы өлтірген қаскөйлер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар

Яна Легкодимованы өлтірген қаскөйлер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

17.11.2025
мин
0
162
Сурет: NUR.kz

Атырауда Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовқа қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды. 

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот айыпталушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің аса ауыр қылмысқа қатысты баптары бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

- Жаза мерзімі олардың ұсталған күні – 2024 жылғы 22 қазаннан бастап есептеледі. ҚР ҚК-нің 62-бабы 3- бөлігінің 1-тармағына сәйкес, Қайыржанов пен Катимовтың үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған уақыты жазаның бір күніне бір күн есебімен толықтай қосылады, - деді судья.

Сот сонымен қатар азаматтық талапты да қарады. Марқұмның анасы Галина Легкодимованың талаптары ішінара қанағаттандырылып, айыпталушылардан 1955 070 теңге материалдық шығын және әрқайсысынан 15 000 000 теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар мемлекет кірісіне 21 517 теңге мемлекеттік баж өндіру міндеттелді. Айыпталушылар үкім талаптарын орындау үшін екі ай мерзім алды.

Мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстың ауырлығын, оның қоғамға қауіптілігін атап, екі күдіктіге де ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындауды сұраған еді.

Сот шешімімен қоғамдағы қауіпсіздікті сақтау мен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында қатаң шара қолданылғаны атап өтілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл