| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау сотында алдын ала сөз байласу арқылы 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сот алдында екі айыпталушы отыр. Бас прокуратура мәліметінше, олар кісі өлтіргеннен кейін мәйітті және оның телефонын өзенге тастаған. Жантүршігерлік оқиға 2024 жылы қазанда болған.
- Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды. Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы ерекше қоғамдық қауіппен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінгі суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады, - деді Бас прокуратура өкілі.
Осыған байланысты прокурор ең жоғарғы жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.