Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада халықтан заңсыз автотұрақ үшін алынған ақша қайтарылады. Қала тұрғындары "Нұржол" бульварынан басқа көшелерде автокөлікті қою үшін ақша төлеудің қажеті жоқ.
Осы уақытқа дейін тегін автотұраққа ақша төлеп келген азаматтарға төлем қайтарылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
"Парковочное пространство Астаны" ұйымының жұмыс істеуіне ресми рұқсат жоқ. Автокөлік иелеріне Нұржол бульварынан басқа орындарға ақы төлеудің қажеті жоқ", - деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Марат Есіркепов.
Оның айтуынша, жақын уақытта негізсіз алынған ақшаны азаматтарға қайтару жүйесі іске асырылып, ақпарат жарияланады.
Тағы көру