Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанға сатуға әкелінетін телефондардың бір бөлігі заңсыз импортпен жеткізіледі және IMEI-коды қайталанатын 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин аталған мәселемен күресу жолдарын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Осыған сәйкес, құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздестіру және бұғаттау бойынша жедел жұмыстарды тиімді жүргізу қиынға соғып отыр.
«Цифрлық даму министрлігі «сәйкестендіру кодтарының дерекқорын» кеден қызметтері жүйесімен және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдану арқылы интеграциялауды жоспарлап отыр», - деді Бағдат Мусин.
Бұл механизм:
-заңсыз әкелінген құрылғыларды 100% бұғаттауға;
-кедендік және салықтық төлемдерден түсетін мемлекет кірістерін ұлғайтуға;
-клондалған және жалған құрылғыларды 99%-ға азайтуға;
-мобильді құрылғыларды ұрлау, жеке басын куәландыру сияқты алаяқтықпен байланысты қылмыстарды азайтуға;
-реттелетін және бақыланатын электроника нарығы арқылы халықаралық инвестицияларды ұлғайтуға, сондай-ақ әділ бәсекеге қабілетті бизнес үшін жағдай жасауға мүмкіндік бермек.
фото: Ашық дереккөзден