Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Украина президенті Владимир Зеленский, егер бұл украиналықтарға бейбітшілік әкелудің жалғыз жолы болса, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Егер бұл – украиналықтар үшін бейбітшілікке жетудің және адамдардан айырылмаудың жалғыз жолы болса, онда біз, әрине, оған барамыз, – деді Зеленский британдық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Зеленский бұл жағдайда Кремль басшысына деген жеке көзқарасының маңызды емес екенін атап өтті: "Мен оны жау санаймын. Ал шын айтсам, ол да мені жау деп есептейді деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда Украина барлық жерін қайтара алмайтынын және нәтижесі белгісіз мақсат үшін миллиондаған адамды құрбан ете алмайтынын айтты.
Оның сөзінше, ел "өз өмірін мемлекет үшін қиғандарға берген антын бұза алмайды", сондай-ақ Конституцияны бұзып, оккупацияланған аумақтарды Ресейдің жері деп мойындай алмайды.
Сонымен қатар, Зеленский соғыс жүріп жатқан кезде Украинада сайлау өткізу мүмкіндігін тағы да жоққа шығарды.