Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстандағы жаңа елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жарлыққа сәйкес, бұл қызметті Виктор Майко атқарады. Ол бұған дейін Украинаның Түркіменстандағы елшісі болды.
Виктор Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын, - делінген Зеленскийдің жарлығында.
Майко Виктор Анатольевич 1960 жылдың 6 шілдесінде Украинадағы Днепропетровск қаласында дүниеге келген. Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін тәмамдаған. Білімі бойынша – журналист.
1999 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
2005 жылдан 2010 жылға дейін – Украина Республикасының Түрікменстандағы елшісі, сондай-ақ Ауғанстандағы елшілік қызметті қоса атқарған.
2010 жылдан 2020 жылға дейін – Украина Сыртқы істер министрлігінің басшысы қызметін атқарған.
2020 жылдан бастап Түрікменстандағы елші қызметіне қайта оралған.
Айта кетейік, 2022 жылдың қазан айынан бері бұл қызмет бос тұрған еді. Себебі бұрынғы елші Врублевский Ресейге қарсы даулы пікір айтқаннан кейін, Қазақстан оны елге кіргізуге тыйым салынған адам деп жариялады.