Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдаланғысы келетін азаматтар Отбасы Банкінің бөлімшелеріне бармай, шотты онлайн аша алады. Арнайы шот ашуға байланысты барлық қызметтер онлайн режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Арнайы шотты ашқанға дейін банктің онлайн-платформасында өтінім беру керек. Десе де, өтінімді барлық құжаттар расталғаннан кейін ғана жіберуге болады.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға бағытталған арнайы шоттарды "ТҚЖБ24" мобильдік қосымшасы және "Отбасы банк" сайтындағы бейне қоңырау арқылы ашуға болады.