Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде зейнетақы жинағындағы қаражатты көлік сатып алу бойынша пайдалануға рұқсат беруді сұрайды. Бұл туралы Astana Motors басшысы Нұрлан Смағұлов айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанның автобизнес қауымдастығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне азаматтардың зейнетақы жинағындағы соманы көлік сатып алуға пайдалануды ұсынды. Өз кезегінде, ИИДМ бұл бастаманы Ұлттық экономика министрлігінің қарауына жіберді.
"Зейнетақы қорындағы ақша тек пәтер сатып алуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда жасалған автокөлік сатып алуға да бағытталуы керек. Әрине, азаматтар үшін баспана бірінші қажеттілік, бірақ қаржыны пайдалану мүмкіндігі кеңейсе, қазақстандықтар көліктерін жаңарта алатын еді", – деп түсіндірді Смағұлов.
Тағы көру