Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі: қазақстандықтар қарсы петиция әзірледі
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі: қазақстандықтар қарсы петиция әзірледі

05.12.2021
1 мин
10
1498

Қазақстанда БЖЗҚ-ның зейнетақы жинағын алу үшін жеткілікті шекті арттыру туралы шешіміне наразылық ретінде онлайн-петиция іске қосылды.

Құжат авторлары 3 желтоқсанда жариялаған жеткіліктіліктің жаңа шегі көптеген қазақстандықтар үшін қолжетімді емес деп отыр.

"Егер қазір 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек 1,7 миллион теңге болса, келесі жылдан бастап 3,1 миллион теңгеге дейін өседі. Өсім 1,8 есе болды. Бұған дейін тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін жинақталған ақшаны алу мүмкіндігі болған. Біз, петицияға қол қойған Қазақстан азаматтары, БЖЗҚ-дан жеткіліктілік шегін ақылға қонымды сомаға дейін төмендетуді талап етеміз", - делінген құжатта.

Кеше, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды. 

Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте "Республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі, деп түсіндірді БЖЗҚ.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай жауабына көптеген қазақстандықтың көңілі толмады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
10 Пікір
.
.... 06.12.2021
Жаңа шектік сомаға қарсымыз. Қарапайым халықтың жалақысы 60000-120000тг аралығында. Сонда зейнетақы шотына ай сайын қанша салу керек? Шығарған заңдарыңызды қайта қарастырып, талқылаңыздар.
Жауап беру
Ш
Шолпан 06.12.2021
Жаңа шекті сомаға қарсымыз
Жауап беру
А
Акерке 05.12.2021
23 жыл стажы бар Анамнын зейнет акысы 3 мил жетпейди, биздики кайдан жетеди? Акымак кылуга болама сонша кара халыкты
Жауап беру
Ф
Фатима 05.12.2021
Карсымын
Жауап беру
А
Асель 05.12.2021
Жалақымызды аударып жатсақ та шекті сомасын жинай алмай жатырмыз.Мен қарсымын!!!
Жауап беру
Д
Дана 05.12.2021
Біздің жалақымызбен қазіргі шекті жинай алмай отырмыз. Үкіметтің сайқал заңдары өзгерсе таң қалмайтын болдық қой
Жауап беру
А
Айша 05.12.2021
Сол қарапайым жұмысшылар өмир бойы жинаган акшаларын алып маз болып еді оны да коп корди қарсымын ондай порог жинау ушин айлықты осирсин онда
Жауап беру
М
Мирихан 05.12.2021
Саламатсыздарма конечно карсы боламыз бул болмайды не деген сумдык
Жауап беру
Т
Турсун 05.12.2021
Халықтың жағдайымен ешкім санаспайды
Жауап беру
А
Аксауле 04.12.2021
Байлар акшасын алып алды.калганы не болса ол болсын бари улерген шыар
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл