Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнеткерлер мен жастарға пойыз билеттеріне жаңа жеңілдіктер енгізілді
Жаңалықтар

Зейнеткерлер мен жастарға пойыз билеттеріне жаңа жеңілдіктер енгізілді

02.02.2026
мин
1
626

Зейнеткерлерге пойыздарға жеңілдік берілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті пайдалану үшін Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл.

Жастар үшін де тиімді мүмкіндіктер ұсынатын жаңа KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Енді 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар KETTİK33 дисконттық картасы арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33% жеңілдікпен рәсімдей алады. Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл. Дисконттық карталар иесінің атына рәсімделеді және үшінші тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.

Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және (қалау бойынша) электрондық пошта мекенжайы талап етіледі. Дисконттық карта бойынша жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алынған жағдайда ғана қолданылады. Екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы сатып алынған билеттерге жеңілдіктер қарастырылмайды. Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады.

Алайда мерекелік және каникул уақытында дисконттық карталардың қолданылуы тоқтатылады: • 2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы; • 2026 жылғы 25–30 желтоқсан аралығы; • маусым–тамыз айлары. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасынан алуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Д
Дидар Умбетова 02.02.2026
Жастарға деген жеңілдік тап сол каникул уақыттарында, наурыз бен желтоқсан айында, жазғв каникулға шығып үйге келе жатқанда, яғни маусым айында қажет ғой. Басқа уақытта студенттер сабақ оқиды емес пе, ол уақытта деңілдіктің қажеті де жоқ. Осындай өтірік жпрылқауын қойсыншы үкімет. Халықты алдауын қоятын күні бар ма осы үкіметтің
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл