Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысы, Железин ауданының прокуратурасы "Көмек" ШЖҚ КМК қызметін тексеру барысында бірқатар өрескел заңбұзушылықты әшкереледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның үш жылдан астам уақыт бойы салықтық міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Сондай-ақ 137 қызметкерге әлеуметтік аударымдар мен үстемақылар төленбей, жалпы берешек сомасы 66 миллион теңгеден асқан.
Бұдан бөлек, қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілмеген. Жалақы мен еңбек демалысына төлемдер жүйелі түрде кешіктіріліп, еңбек құқықтары бұзылған.
Заңбұзушылықтарды жою мақсатында прокуратура аудан әкімі мен фискалдық органға қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде 137 қызметкерге әлеуметтік аударымдар толық төленді.