Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жалған акция сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды
Жаңалықтар

Жалған акция сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

14.06.2021
1 мин
1
1724

Ақтөбеде шетелдік компания ретінде таныстырып, жалған акцияларды сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар «Unique finance» компаниясының өкілдері ретінде азаматтарға «Pepsi», «Nike», «Microsoft», «Ford» және «BMW» сияқты ірі халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына ақша инвестициялауды ұсынған қаржы пирамидасын ұйымдастырған.

«Компания салымшыларға салынған соманың 6%-і, жаңа серіктестің салым сомасының 5%-і мөлшерінде ай сайынғы пайда уәде етілді. Бұл ретте, ең минималды салым 1000 АҚШ долларын құраған.

Бағалы қағаздардың орнына халыққа жалған акциялар беріліп, олардың қаражатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар иеленіп отырған.

Ұйымдастырушылар 3 және 3,5 жылға сотталды»,- делінген хабарламада.

Қаржылық пирамидалар туралы не білу керек?

  1. Ұйымның шамадан тыс жоғары кірісіне кепілдік беріледі.
  2. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиясының болмауы.
  3. Меншікті қаражаттың болмауы, төлем жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен жүргізіледі.
  4. Салынған қаражатты қайтарудың нақты ережелерінің болмауы.
  5. Қызметінің айқын болмауы.
  6. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы шулы ұрандары бар кең жарнамалық кампания.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Газиза 15.06.2021
Оларга бул жаза тым Аз... Берсын 18-20жыл халыкты тогаган осы болады. Быздын Билык онбаган. Балык басынан шырыйды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл